Об утверждении предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- Квазимемлекеттік сектордың 2018 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 224
- Қабылданған күні
- 22.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2018 123376_336993.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017171
- ЭКБ идентификаторы
- 123376
- Редакция идентификаторы
- 123376_336993
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:57
0 Квазимемлекеттік сектордың
2018 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 601 қаулысымен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларының 4-тармағына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған квазимемлекеттік сектордың 2018 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Квазимемлекеттік сектордың 2018 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 22 маусымдағы
№ 224 бұйрығымен
бекітілген
Квазимемлекеттік сектордың
2018 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі
р/с №
Квазимемлекеттік сектор субъектілері
Сыртқы борыштың шекті көлемі, миллион теңге
Сыртқы борыштың шекті көлемі, миллион Америка Құрама Штаттары доллары*
1
2
3
4
1
«Самрұқ-Қазына» ұлттық
әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
5 658 280
16 642
2
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
1 644 920
4 838
3
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
624 920
1 838
4
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы
-
-
*Ескертпе: 1 Америка Құрама Штаттары доллары үшін 340 теңге бағамы бойынша