Құжат мәтініне өту

Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на территории Карабалыкского района по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2018 год

Қаулы · № 162 · қабылданған 19.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-123424/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на территории Карабалыкского района по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2018 год Қолданыста Қаулы ·№ 162 ·19.06.2018
19.06.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на территории Карабалыкского района по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2018 год

Қолданыста Қаулы ·№ 162 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на территории Карабалыкского района по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2018 год
Атауы (қаз.)
2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Қарабалық ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
162
Қабылданған күні
19.06.2018
Көрсетілген редакция
19.06.2018 123424_337298.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NL007930
ЭКБ идентификаторы
123424
Редакция идентификаторы
123424_337298
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:01

0 2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Қарабалық ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қарабалық ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсін.

2 2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы мәселелерін жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қарабалық ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

Әкімдіктің
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 162 қаулысына
қосымша
2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қарабалық ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі
Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы
II дала аймағы
1
Жаздық бидай
2018 жылғы 15 мамырдан 2 маусымға дейін
2
Жаздық арпа
2018 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейін
3
Сұлы
2018 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейін
4
Тары
2018 жылғы 20 мамырдан 5 маусымға дейін
5
Бұршақ
2018 жылғы 20 мамырдан 31 мамырға дейін
6
Рапс
2018 жылғы 20 мамырдан 28 мамырға дейін
7
Күнбағыс
2018 жылғы 5 мамырдан 18 мамырға дейін
8
Аңқа
2018 жылғы 15 мамырдан 25 мамырға дейін

Қолданыстағы