Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2018 год

Қаулы · № 146 · қабылданған 10.07.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-123683/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2018 год Қолданыста Қаулы ·№ 146 ·10.07.2018
10.07.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2018 год

Қолданыста Қаулы ·№ 146 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2018 год
Атауы (қаз.)
2018 жылға пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
146
Қабылданған күні
10.07.2018
Көрсетілген редакция
10.07.2018 123683_340350.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18SN004840
ЭКБ идентификаторы
123683
Редакция идентификаторы
123683_340350
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:46

0 2018 жылға пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 7) тармақшасына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген, Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 6 тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2018 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде әкімдіктің осы қаулысының көшірмесін қағаз және электронды түрінде қазақша және орысша тілінде Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан өңірлік құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауына және Қазақстан Республикасының Нормативті құқықтық актілер эталондық бақылау банкіне қосуға;

3

3) Осы қаулыны ресми жариялауынан кейін «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет ресурсында орналастыру.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ» :
«ТНС-2020» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі директоры
__________________ Т.Аубакиров
«10» __шілде___ 2018 ж.

7 2018 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы әкімдігі қаулысына
қосымша
2018 жылғы «10» шілдедегі № 146
2018 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Ұйым атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
«ТНС-2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
350
1%
4

Қолданыстағы