Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по городу Алматы на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по городу Алматы на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 243
- Қабылданған күні
- 17.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2018 123881_341660.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18R0001494
- ЭКБ идентификаторы
- 123881
- Редакция идентификаторы
- 123881_341660
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:42
0 2018 жылға арналған
Алматы қаласы бойынша
жер үсті көздеріндегі су
ресурстарын пайдаланғаны
үшін төлемақы ставкаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 569 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 - бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 5 - тармағына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған 2018 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2
2. VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXIV сессиясының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 178 «Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1436 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.
5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 VІ сайланған
Алматы қаласы
мәслихаты кезектен тыс
XXX сессиясының
2018 жылғы 17 шілдедегі
№ 243 шешімімен бекітілген
2018 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің
су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары
Өзендер, көлдер, теңіздер
бассейні
Тұрғын-үй пайдалану және
коммуналдық қызметтер,
(теңге/ 1000 текше м.)
Өнеркәсіп,
жылу энергетика-сын қоса есептегенде,
(теңге/ 1000 текше м.)
Ауыл шаруашы-лығы
(теңге/ 1000 текше м.)
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары,
(теңге/ 1000 текше м.)
Су энергетика,
(теңге/1000 кВт. сағат)
Су көлігі,
(теңге/ 1000 т. шақы-рым)
Балқаш және Алакөл көлдері бассейні
102,3
282,5
81,3
77,7
30,0,
8,8