Құжат мәтініне өту

Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на территории Камыстинского района по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2018 год

Қаулы · № 85 · қабылданған 03.08.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-124442/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на территории Камыстинского района по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2018 год Қолданыста Қаулы ·№ 85 ·03.08.2018
03.08.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на территории Камыстинского района по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2018 год

Қолданыста Қаулы ·№ 85 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на территории Камыстинского района по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2018 год
Атауы (қаз.)
2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Қамысты ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
85
Қабылданған күні
03.08.2018
Көрсетілген редакция
03.08.2018 124442_349315.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NK008023
ЭКБ идентификаторы
124442
Редакция идентификаторы
124442_349315
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:35

0 2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Қамысты ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. 2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегі Қамысты ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсін.

2 2. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариалау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 15 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

8 2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi Қамысты ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

Әкімдіктің
2018 жылғы «3» тамыздағы
№ 85 қаулысына
қосымша
2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi Қамысты ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі
Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы
III құрғақ дала аймағы
1
Жаздық бидай
2018 жылғы 15 мамырдан 2 маусымға дейін
2
Жаздық арпа
2018 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейін
3
Сұлы
2018 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейін
4
Қарақұмық
2018 жылғы 20 мамырдан 5 маусымға дейін

Қолданыстағы