Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2018 год

Қаулы · № 475 · қабылданған 09.10.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-125209/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2018 год Күшін жойған Қаулы ·№ 475 ·09.10.2018
01.03.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2018 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 475 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2018 год
Атауы (қаз.)
2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
475
Қабылданған күні
09.10.2018
Көрсетілген редакция
01.03.2019 125209_391408.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18D0004847
ЭКБ идентификаторы
125209
Редакция идентификаторы
125209_391408
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:58

0 2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы

дақылдарының тізбесін және субсидиялар
нормаларын бекіту туралы
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген) бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларының 3-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

Алматы облысы бойынша 2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2018 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Алматы облысы әкімдігінің «2017 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 18 мамырдағы № 207 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4218 тіркелген және 2017 жылдың 02 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

10 Алматы облысы әкімдігінің

2018 жылғы «09» қазандағы
№ 475 қаулысымен
бекітілген 1-қосымша
Алматы облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
№ р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1
Күріш
2
Қант қызылшасы

11 Алматы облысы әкімдігінің

2018 жылғы «09» қазандағы
№ 475 қаулысымен
бекітілген 2-қосымша
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары

р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы, теңге
1
Күріш
4 000,0
2
Қант қызылшасы
10 000,0

Қолданыстағы