Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Западно–Казахстанской области на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Западно–Казахстанской области на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19-4
- Қабылданған күні
- 28.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2019 125322_408052.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18Z0005352
- ЭКБ идентификаторы
- 125322
- Редакция идентификаторы
- 125322_408052
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:04
0 2018 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған 2018 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №7-2 «Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №3268 тіркелген, 2013 жылғы 27 сәуірдегі «Орал өңірі» газетінде жарияланған), Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 қыркүйектегі №27-2 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №7-2 «Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №4096 тіркелген, 2015 жылғы 28 қазанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 2018 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
Батыс Қазақстан
облыстық мәслихаттың
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№19-4 шешімімен бекітілген
2018 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
№
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлем ставкалары (теңге)
1
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
1000 тек.м
95,753
2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде
1000 тек.м
273,952
3
Ауыл шаруашылығы
1000 тек.м
77,133
4
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
1000 тек.м
74,473
5
Су көлігі
1000 т.км
9,31
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
тек.м–текше метр;
т.км–тонна километр.