Құжат мәтініне өту

Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2018 год

Қаулы · № 192 · қабылданған 19.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-125334/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2018 год Қолданыста Қаулы ·№ 192 ·19.10.2018
13.12.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2018 год

Қолданыста Қаулы ·№ 192 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2018 год
Атауы (қаз.)
2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
192
Қабылданған күні
19.10.2018
Қолданысқа енгізілген күні
26.10.2018
Көрсетілген редакция
13.12.2018 125334_377312.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18G0003971
ЭКБ идентификаторы
125334
Редакция идентификаторы
125334_377312
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:52

0 2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Күші жойылды деп танылсын:

1

1) «2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдерін және өлшемшарттар мен талаптарын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы №11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3710 болып тіркелген, 2018 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

2

2) «2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдерін және өлшемшарттар мен талаптарын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы №11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы №94 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3847 болып тіркелген, 2018 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Мұсаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

11 2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы «19» қазандағы
№ 192 қаулысына қосымша
2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты
Субсидия көлемі, мың теңге
Етті, сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Етті мал шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1
Тауарлық аналық бас
27300
1.2
Асыл тұқымды аналық бас
10300
2.
Етті, сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
(тауарлы және асыл тұқымды аналық бас, базалық және қосымша норматив бойынша)
995 372
3.
Қоғамдық және тауарлы табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу
85 700
4.
Отандық шаруашылықтардан асыл тұқымды етті, сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара мал сатып алу
589 900
5.
Импорттық етті бағыттағы асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу
450 000
6.
Аустралия, АҚШ және Канада мен Еуропа елдерінен импортталған асыл тұқымды сүтті бағыттағы аналық мал басын сатып алу
43 650
7.
Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату
80 000
8.
Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
863 685
9.
Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
120 360
10.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру шығындарын арзандату
53932,032
11.
Сүт өндіру құнын арзандату:
11.1
Бағымдағы мал басы 400 және 50 бастан басталатын шаруашылықтар
157 000
11.2
Ауыл шаруашылығы кооперативі
70 003,119
Етті құс шаруашылығы
1.
Құс етін өндіру құнын арзандату
140 000
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1.
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату
90 017
2.
Бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату
704,008
Шошқа шаруашылығы
1.
Шошқа етін өндіру құнын арзандату
42 931,092
Қой шаруашылығы
1.
Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
8 598
2.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
2.1
асыл тұқымды аналық бас
598 914,592
2.2
тауарлық аналық бас
890 935,782
3.
Асыл тұқымды қой сатып алу
272 060
4.
Тауарлық отардың өсімін молайту үшін асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп бағу
37 290
5.
Қозы өткізу құнын арзандату
154 251,5
6.
Өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн құнын арзандату
59 936,313
Жылқы шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды жылқы сатып алу
15000
2.
Жылқы етін өндіру құнын арзандату
21 904,7
3.
Бие сүтін өндіру және өндеу құнын арзандату
2 317,472
Азық өндіру
1.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрамажем зауыттары өткізген құрама жем құнын арзандату
25 386,39
Жиыны:
5 907 449

Қолданыстағы