Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2018 год по Абайскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2018 год по Абайскому району
- Атауы (қаз.)
- Абай ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 185
- Қабылданған күні
- 19.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 19.11.2018 125989_370982.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VE000160
- ЭКБ идентификаторы
- 125989
- Редакция идентификаторы
- 125989_370982
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:34
0 Абай ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,
ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) аумақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;
2
2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;
3 3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Абай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
4 4) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3
3. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Абай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 34 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5480 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкінде 2018 жылғы 16 ақпанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Б.Тәттібековке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Абай ауданы әкімдігінің
2018 жылғы « 19 » қарашадағы
№ 185 қаулысына қосымша
2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы,
ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№
Ұйым атауы
Тәрбиеленушілер саны, адам
Айына бір тәрбиеленушінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері, теңге
Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге
Барлығы
соның ішінде:
соның ішінде:
толық күн
жарты күн
толық күн
жарты күн
1
«Баян Байғожина атындағы ясли-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
240
240
26697
3 жасқа дейін - 5500
3-6 жас аралығында - 6000
2
«Балдәурен ясли-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
140
140
31965
3 жасқа дейін - 5000
3-6 жас аралығында - 5500
3
«Балауса ясли-бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
50
50
26697
3 жасқа дейін - 3000
3-6 жас аралығында - 3500
4
«Балбөбек ясли-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
50
50
29390
3 жасқа дейін - 3000
3-6 жас аралығында - 3500
5
«Баян Байғожина атындағы ясли-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
50
50
12595
3 жасқа дейін - 5500
3-6 жас аралығында - 6000
6
«Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
61
61
12183
3 жасқа дейін -3500
3-6 жас аралығында - 4000
7
«Ш. Әбенов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
64
64
6004
3 жасқа дейін - 4500
3-6 жас аралығында - 5000
8
«С. Бекбосынов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
36
36
8264
3 жасқа дейін - 5500
3-6 жас аралығында - 6000
9
«Ж. Молдағалиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
34
34
8020
3 жасқа дейін-4500
3-6 жас аралығында-5000
10
«Шакерім атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
25
25
4997
3 жасқа дейін - 4100
3-6 жас аралығында - 4600
11
«Көкбай атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
34
34
8020
3 жасқа дейін - 1500
3-6 жас аралығында - 2000
12
«Мамай атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
14
14
8000
3 жасқа дейін-4780
3-6 жас аралығында -5280
13
«Медеу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
15
15
13161
3 жасқа дейін - 5500
3-6 жас аралығында - 6000