Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием в организациях образования на 2019-2020 учебный год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием в организациях образования на 2019-2020 учебный год
- Атауы (қаз.)
- Білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 241
- Қабылданған күні
- 06.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2019 132264_408707.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19N0008509
- ЭКБ идентификаторы
- 132264
- Редакция идентификаторы
- 132264_408707
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:37
0 Білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Әкімдіктің
2019 жылғы 6 маусымдағы
№ 241 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Коды
Білім беру саласының сыныпталуы
Мемлекеттік білім беру тапсырысы
Жылына 1 білім алушыға жұмсалатын орташа шығыстар
(мың теңге)
ұлттық жоғары оқу орындарында
басқа оқу білім беру ұйымдарында
7R09
Денсаулық сақтау (медицина)
100
815,5
Барлығы
100