Құжат мәтініне өту

О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с послесредним, высшим и послевузовским медицинским и фармацевтическим образованием на 2019-2020 учебный год

Бұйрық · № ҚР ДСМ-107 · қабылданған 30.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-2020-ekb-133635/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с послесредним, высшим и послевузовским медицинским и фармацевтическим образованием на 2019-2020 учебный год Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-107 ·30.07.2019
15.01.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с послесредним, высшим и послевузовским медицинским и фармацевтическим образованием на 2019-2020 учебный год

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-107 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с послесредним, высшим и послевузовским медицинским и фармацевтическим образованием на 2019-2020 учебный год
Атауы (қаз.)
Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-107
Қабылданған күні
30.07.2019
Көрсетілген редакция
15.01.2020 133635_440719.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019141
ЭКБ идентификаторы
133635
Редакция идентификаторы
133635_440719
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:58

0 Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес және «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019, 2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) 2019 - 2020 оқу жылына осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында саны 400 орын орта білімнен кейінгі білімі бар маман даярлауға;

2 2) 2019 - 2020 оқу жылына осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес саны

500 орын жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар маман даярлауға;

3 3) 2019 - 2020 оқу жылына конкурс негізінде медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында саны 2200 орын жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар маман даярлауға;

4 4) 2019 - 2020 оқу жылына конкурс негізінде медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында саны 325 орын жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар маманды магистратурада даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрдегі, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1, 2, 3-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ ҚР-ДСМ 107 бұйрығына
1-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с

Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
Бө­лін­ген орын­дар­дың са­ны
«Мед­би­ке­лік іс» ма­манды­ғы­на қол­дан­ба­лы ба­ка­лаври­ат бой­ын­ша бө­лін­ген орын­дар са­ны
Оқы­ту мер­зі­мі
3 жыл 6 ай
1 жыл 6 ай
1.
Аста­на қа­ла­сы әкім­ді­гі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Жо­ға­ры ме­ди­ци­на кол­ледж» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­пор­ны (бұ­дан әрі – ШЖҚ МКК)
25 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
-
25 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
2.
Ақ­мо­ла об­лы­сы Ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы­ның жа­нын­да­ғы «Көк­ше­тау жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық кол­ле­джі» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­пор­ны
20 оның ішін­де 10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
10 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
3.
Ал­ма­ты қа­ла­сы Ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы­ның ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық кол­ле­джі»
ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны (бұ­дан әрі – ШЖҚ КМК)
40 оның ішін­де 30 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
30 оның ішін­де 20 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
4.
«Рес­пуб­ли­ка­лық жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық кол­ле­джі» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі (бұ­дан әрі – ЖШС)
30 оның ішін­де 10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
20 оның ішін­де 10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
10 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
5.
«Ал­ма­ты об­лы­сы ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Тал­ды­қор­ған жо­ға­ры ме­ди­ци­на кол­ле­джі» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­пор­ны
20 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
6.
Шым­кент қа­ла­сы­ның ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы­ның «Жо­ға­ры ме­ди­ци­на кол­ле­джі» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­пор­ны
20 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
5 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
15 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
7.
«Оң­тү­стік Қа­зақ­стан ме­ди­ци­на ака­де­ми­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
35 оның ішін­де 20 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
10 оның ішін­де 5 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
25 оның ішін­де 15 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
8.
Түр­кі­стан об­лы­сы­ның қо­ғам­дық ден­са­улық бас­қа­ра­ма­сы­ның «Түр­кі­стан жо­ға­ры ме­ди­ци­на кол­ле­джі» ШЖҚ МКК
15 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
5 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
9.
«Түр­кі­стан» кө­пса­ла­лы жо­ға­ры ме­ди­ци­на кол­ле­джі» же­ке ме­ке­ме­сі
10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
10.
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК
20 қазақ тілінде білім алушылар
5 қазақ тілінде білім алушылар
15 қазақ тілінде білім алушылар
11.
Пав­ло­дар об­лы­сы әкім­ді­гі Пав­ло­дар об­лы­сы ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы­ның ШЖҚ «Пав­ло­дар ме­ди­ци­на­лық жо­ға­ры кол­ле­джі» КМК
20 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
-
20 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
12.
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы­ның «Ба­тыс Қа­зақ­стан Жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық кол­ле­джі» ШЖҚ МКК
25, оның ішін­де 15 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
-
25, оның ішін­де 15 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
13.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы­ның «Се­мей қа­ла­сы­ның Дүй­сен­бі Қал­ма­та­ев атын­да­ғы мем­ле­кет­тік жо­ғар­ғы ме­ди­ци­на кол­ле­джі» ШЖҚ КМК
25, оның ішін­де 10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
15 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
14.
Қо­ста­най об­лы­сы әкім­ді­гі ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы­ның «Қо­ста­най жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық кол­ле­джі» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны (бұ­дан әрі – КМК)
15 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
-
15 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
15.
«Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зі құқы­ғын­да­ғы «Ке­ңес Ода­ғы­ның Ба­ты­ры Мән­шүк Мәме­то­ва атын­да­ғы Ақ­тө­бе Жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық кол­ле­джі» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­по­ры­ны
25, оның ішін­де 10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
15 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
16.
«Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы­ның «Қы­зы­лор­да ме­ди­ци­на­лық жо­ға­ры кол­ле­джі» ШЖҚ КМК
30 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
20 с қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
17.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы­ның «Қа­ра­ған­ды об­лы­стық жо­ға­ры мей­ір­гер­лік кол­ле­джі» КМК
25, оның ішін­де 15 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
5 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
20, оның ішін­де 10 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
Бар­лы­ғы:
400
120
280

2 Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлаудың 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ ҚР-ДСМ 107 бұйрығына
2-қосымша
Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлаудың 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с№
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары
Білім беру бағдарламалары тобының атауы
Бөлінген орындардың саны
1.
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Жалпы медицина
310, оның ішінде 220 қазақ тілінде білім алушылар
Стоматология
10, оның ішінде 7 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі
10, оның ішінде 7 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация
10, оның ішінде 7 қазақ тілінде білім алушылар
Қоғамдық денсаулық сақтау
10, оның ішінде 7 қазақ тілінде білім алушылар
Педиатрия
150, оның ішінде 115 қазақ тілінде білім алушылар
Барлығы:
500

Қолданыстағы