Құжат мәтініне өту

О завершении 2019-2020 учебного года и проведении итоговой аттестации обучающихся в организациях среднего образования

Бұйрық · № 129 · қабылданған 03.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-2020/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О завершении 2019-2020 учебного года и проведении итоговой аттестации обучающихся в организациях среднего образования Қолданыста Бұйрық ·№ 129 ·03.04.2020
04.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О завершении 2019-2020 учебного года и проведении итоговой аттестации обучающихся в организациях среднего образования

Қолданыста Бұйрық ·№ 129 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О завершении 2019-2020 учебного года и проведении итоговой аттестации обучающихся в организациях среднего образования
Атауы (қаз.)
2019 - 2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
129
Қабылданған күні
03.04.2020
Көрсетілген редакция
04.05.2020 141422_461114.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020324
ЭКБ идентификаторы
141422
Редакция идентификаторы
141422_461114
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:14

0 2019 - 2020 оқу жылын аяқтау және

орта білім беру ұйымдарының
білім алушыларын қорытынды
аттестаттаудан өткізу туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу жылы 2020 жылғы 25 мамырда аяқталсын.

2 2. Қорытынды аттестаттауды:

1 1) 9 (10) және 11 (12) - сыныптардың білім алушылары тапсырмайды, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі;

2 2) экстернат нысанында оқитындар қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, тоқсан бойынша жиынтық бағалау нысанында тапсырады;

3

3) шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың бітірушілері қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып онлайн режимінде қорытынды бітіру емтихандары және мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында тапсырады;

4 4) халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер 11 (12) сынып үшін 10 сыныптағы жылдық бағасын ескере отырып оқыған елдегі ағымдағы бағаларының негізінде тапсырады.

3 3. Облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ республикалық орта білім беру ұйымдары

2019-2020 оқу жылын осы бұйрықтың талаптарына, «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191болып тіркелген) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидалары сәйкес аяқтауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7

Қолданыстағы