Құжат мәтініне өту

О районном бюджете на 2019-2021 годы

Өзге акт · № 29-2 · қабылданған 25.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-2021-ekb-127855/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О районном бюджете на 2019-2021 годы Күшін жойған Өзге акт ·№ 29-2 ·25.12.2018
20.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О районном бюджете на 2019-2021 годы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 29-2 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О районном бюджете на 2019-2021 годы
Атауы (қаз.)
2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29-2
Қабылданған күні
25.12.2018
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2019
Көрсетілген редакция
20.02.2020 127855_445240.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18ZE005490
ЭКБ идентификаторы
127855
Редакция идентификаторы
127855_445240
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:49

0 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1 1) кірістер – 5 269 387, 6 мың теңге:

салықтық түсімдер – 583 304 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 11 306 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 548 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4 671 229,6 мың теңге;

2 2) шығындар – 5 185 007, 6 мың теңге;

3 3) таза бюджеттік кредиттеу – 37 024 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 79 537 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 42 513 мың теңге;

4 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 47 356 мың теңге;

6 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 47 356 мың теңге:

қарыздар түсімі – 79 537 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 160 513 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 33 620 мың теңге.

2

2. 2019 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 30 қарашадағы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5451 болып тіркелген) шешіміне сәйкес қалыптастырылады.

3 3. Қазақстан Республикасының «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 8, 13 - баптары қатерге және басшылыққа алынсын:

1 1) 2019 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 698 862 мың теңге көлемінде қарастырылсын:

ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 215 760 мың теңге;
тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 3 000 мың теңге;
оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 3 303 мың теңге;
жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге – 80 460 мың теңге;
ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге – 10 699 мың теңге;
мектептердің педагог-психологтарының лауазымдық айлықақыларының мөлшерін ұлғайтуға – 1 000 мың теңге;
мектептердің педагог-психологтарының педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін – 3 000 мың теңге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне – 37 272 мың теңге;
халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге – 6 695 мың теңге;
мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға – 2 237 мың теңге;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 4 795 мың теңге;
техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар тiзбесiн кеңейтуге – 2 759 мың теңге;
жалақыны ішінара субсидиялауға – 8 215 мың теңге;
жастар практикасына – 14 393 мың теңге;
жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік гранттар – 1 010 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы жер учаскелеріне (электрмен жабдықтау) инженерлік-коммуникациялық желілерді салу – 224 727 мың теңге;
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін – 79 537 мың теңге;

2 2) 2019 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 269 097 мың теңге көлемінде ескерілсін:

факторлық-балдық шәкілге негізделген әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу үшін – 237 853 мың теңге;
жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу – 7 676 мың теңге;
жастар практикасына – 9 090 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы жер учаскелеріне (газбен жабдықтау) инженерлік-коммуникациялық желілерді салу – 14 478 мың теңге.

4 4. Аудандық бюджеттердің теңгерімдігін қамтамасыз ету үшін 2019 жылдың кірістерін бөлу нормативі төмендегі ішкі сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:

1 1) жеке табыс салығы аудандық бюджетке 100 пайыз есепке алынады;

2 2) әлеуметтік салық аудандық бюджетке 100 пайыз есепке алынады.

5 5. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.

6 6. Облыстық бюджеттен аудан бюджетіне 2019 жылға берілетін субвенция көлемінің жалпы сомасы – 2 800 727 мың теңге болып белгіленсін.

7 7. 2019 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві – 4 000 мың теңге көлемінде бекітілсін.

8

8. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне ауылдық жерлерде қызмет ететін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының азаматтық қызметшілеріне осы қызмет түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын 25% - ға көтеру белгіленсін.

9 9. 2019 жылға арналған аудандық бюджеттердің атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 -қосымшаға сәйкес бекітілсін.

10 10. 2019 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 5 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.

11 11. Жаңақала аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Успанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

12 12. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы