Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2019 году

Қаулы · № 798 · қабылданған 18.09.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-124768/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2019 году Күшін жойған Қаулы ·№ 798 ·18.09.2018
10.01.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2019 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 798 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2019 году
Атауы (қаз.)
2019 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
798
Қабылданған күні
18.09.2018
Көрсетілген редакция
10.01.2019 124768_385830.kaz
Соңғы өзгеріс
10.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18LE006440
ЭКБ идентификаторы
124768
Редакция идентификаторы
124768_385830
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:12

0 2019 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.

3 3. «Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қошалақовқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы 2019 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

6 Қармақшы ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «18» қыркүйектегі
№798 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

Атауы
1.
Тауарлар:
1.1.
Қатты отын (көмір) және сұйық отын (дизельді отын).
2.
Жұмыстар:
2.1.
Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын объектілерді салу немесе реконструкциялау;
2.2.
Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын автомобиль жолдарын салу.
3.
Көрсетілетін қызметтер:
3.1.
Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын көрсетілетін қызметтер (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқан кезде).

Қолданыстағы