Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- 2019 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1381
- Қабылданған күні
- 28.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2018 125262_361250.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18NB008062
- ЭКБ идентификаторы
- 125262
- Редакция идентификаторы
- 125262_361250
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:02
0 2019 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2019 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 2019 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Әкімдіктің
2018 жылғы «28» қыркүйектегі
№ 1381 қаулысына
қосымша
2019 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота
№
р/с
Ұйымның атауы
Кәсіпорындағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімдегі квота мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1.
«Злак плюс М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
98
1 %
1
2.
«Рудныйсоколовстрой» акционерлік қоғамы
712
0,1 %
1