Об установления квоты рабочих мест для инвалидов на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установления квоты рабочих мест для инвалидов на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- 2019 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 166
- Қабылданған күні
- 11.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2019 125466_404564.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LD006477
- ЭКБ идентификаторы
- 125466
- Редакция идентификаторы
- 125466_404564
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:55
0 2019 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңынның 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2019 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2
2. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 шілдедегі №142 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5918 болып тіркелген, 2017 жылдың 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және 2017 жылғы 19 тамызда «Тұран-Қазалы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
5 Қазалы ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «11» қазандағы
№166 қаулысына қосымша
2019 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Қазалы ауданының білім бөлімінің Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
171
3
5
2
«Қазалы ауданының білім бөлімінің №276 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
71
2
1
3
«Қазалы ауданының білім бөлімінің №94 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
75
2
1
4
«Қазалы ауданының білім бөлімінің Б.Әбдіразақов атындағы №88 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
87
2
2
5
«Сарыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының №23 «Қарлығаш» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
50
2
1
6
«Әйтеке би кенті әкімі аппаратының №4 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
54
2
1
7
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Қазалы-Теміржолжылу» филиалы
87
2
2