Құжат мәтініне өту

Об утверждении объема квоты на беспошлинный ввоз тростникового сахара-сырца на территорию Республики Казахстан на 2019 год

Бұйрық · № 103 · қабылданған 13.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-127284/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении объема квоты на беспошлинный ввоз тростникового сахара-сырца на территорию Республики Казахстан на 2019 год Қолданыста Бұйрық ·№ 103 ·13.12.2018
13.12.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении объема квоты на беспошлинный ввоз тростникового сахара-сырца на территорию Республики Казахстан на 2019 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 103 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении объема квоты на беспошлинный ввоз тростникового сахара-сырца на территорию Республики Казахстан на 2019 год
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағына шикі құрақ қантын бажсыз әкелу үшін 2019 жылға арналған квота көлемін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
103
Қабылданған күні
13.12.2018
Көрсетілген редакция
13.12.2018 127284_379647.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800018002
ЭКБ идентификаторы
127284
Редакция идентификаторы
127284_379647
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:03

0 Қазақстан Республикасының аумағына

шикі құрақ қантын бажсыз әкелу үшін
2019 жылға арналған квота көлемін бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2) тармақшасына және
«Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің
5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. 2019 жылы 400 000 тонна көлеміндегі дәмдік-хош иістік немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) әкелу Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баждар төлемей жүзеге асырылады деп белгіленсін.

2 2. Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың

1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы