Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Байганинскому району на 2019 год

Қаулы · № 5 · қабылданған 04.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-128652/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Байганинскому району на 2019 год Қолданыста Қаулы ·№ 5 ·04.01.2019
04.01.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Байганинскому району на 2019 год

Қолданыста Қаулы ·№ 5 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Байганинскому району на 2019 год
Атауы (қаз.)
2019 жылға Байғанин ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
04.01.2019
Көрсетілген редакция
04.01.2019 128652_386813.kaz
Соңғы өзгеріс
04.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CD000203
ЭКБ идентификаторы
128652
Редакция идентификаторы
128652_386813
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:26

0 2019 жылға Байғанин ауданы бойыншаата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанғадейінайырылған немесе ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған, білім беруұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтардыжұмысқа орналастыру үшін жұмысорындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 9) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2019 жылға Байғанин ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшінұйымның тізімдік санынының екі пайызмөлшеріндеұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2 2. «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Байғанин аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Жаңабайға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы