Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23
- Қабылданған күні
- 22.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2019 128909_388461.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KE005167
- ЭКБ идентификаторы
- 128909
- Редакция идентификаторы
- 128909_388461
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:18
0 Мүгедектерді жұмысқа
орналастыру үшін 2019 жылға
арналған жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының 2%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға арналған квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Д.Джакуповқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
Қаражал қаласы әкімдігінің
201 жылғы «___»________
№ ___ қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген
ұйымдардың тізбесі
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның мөлшері (%) қызметкерлердің тізімдік санынан
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)
1.
«Қаражал қаласының әкімиятының қалалық коммуналдық шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
100
2
2
2.
«Karazhal Operating (Каражал Оперейтинг)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
95
2
2
3.
Жәйрем кенті әкімінің аппаратының «Балдырған» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
58
2
1