Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан города Приозерск на 2019 год

Қаулы · № 6/26 · қабылданған 11.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-129234/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан города Приозерск на 2019 год Қолданыста Қаулы ·№ 6/26 ·11.02.2019
11.02.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан города Приозерск на 2019 год

Қолданыста Қаулы ·№ 6/26 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан города Приозерск на 2019 год
Атауы (қаз.)
2019 жылға Приозерск қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6/26
Қабылданған күні
11.02.2019
Көрсетілген редакция
11.02.2019 129234_390476.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19KR005184
ЭКБ идентификаторы
129234
Редакция идентификаторы
129234_390476
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:08

0 2019 жылға Приозерск қаласы

азаматтарының жекелеген
санаттарын жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

1 1) Приозерск қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 2% мөлшерінде 1 қосымшаға сәйкес;

2 2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 2% мөлшерінде 2 қосымшаға сәйкес;

3 3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 2% мөлшерінде 3 қосымшаға сәйкес.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласының әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Приозерск қаласы әкімдігінің
20__ жылғы «__»_________
№_____ қаулысына
1 қосымша
Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін
Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Приозерск қаласының орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
249
2
5

2 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Приозерск қаласы әкімдігінің
20__ жылғы «__»_________
№_____ қаулысына
2 қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Қоммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
173
2
3

3 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Приозерск қаласы әкімдігінің
20__ жылғы «__»_________
№_____ қаулысына
3 қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Приозерск қаласының «Балақай» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
51
2
1

Қолданыстағы