Құжат мәтініне өту

Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Астане, Алматы, Шымкенте, Семее и моногородах на 2019 год

Қаулы · № 118 · қабылданған 18.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-129733/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Астане, Алматы, Шымкенте, Семее и моногородах на 2019 год Қолданыста Қаулы ·№ 118 ·18.03.2019
18.03.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Астане, Алматы, Шымкенте, Семее и моногородах на 2019 год

Қолданыста Қаулы ·№ 118 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Астане, Алматы, Шымкенте, Семее и моногородах на 2019 год
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2019 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
118
Қабылданған күні
18.03.2019
Көрсетілген редакция
18.03.2019 129733_393625.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000118
ЭКБ идентификаторы
129733
Редакция идентификаторы
129733_393625
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:46

0 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2019 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы
Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы
Қазақстан Республикасының Заңына және «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 808 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2019 жылға арналған негізгі шарттары бекітілсін.

2

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті мәслихаттар 2019 жылға арналған облыстық бюджеттерде, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiнде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.

3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

2 2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4 4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың

10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат ұсынсын.

5

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2019 жылға кредит беруге бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілу мониторингін қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2019 жылға кредит берудің негізгі шарттары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 18 наурыздағы
№ 118 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы,
Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті
дамытуға жәрдемдесуге 2019 жылға кредит берудің негізгі шарттары
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушы) кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

1

1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2019 жылға кредит беру үшін «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 808 қаулысында көзделген 9 311 124 000 (тоғыз миллиард үш жүз он бір миллион бір жүз жиырма төрт мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 7 (жеті) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесімен беріледі;

2 2) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және бюджеттік кредитті жергілікті атқарушы органға аударған кезден бастап есептеледі.

Қолданыстағы