Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2019 год

Қаулы · № 125 · қабылданған 28.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-130067/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2019 год Қолданыста Қаулы ·№ 125 ·28.03.2019
28.03.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2019 год

Қолданыста Қаулы ·№ 125 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2019 год
Атауы (қаз.)
2019 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
125
Қабылданған күні
28.03.2019
Көрсетілген редакция
28.03.2019 130067_395311.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VM005821
ЭКБ идентификаторы
130067
Редакция идентификаторы
130067_395311
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:38

0

2019 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексінің 18 - бабының 1 - тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 – бабының 1 - тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 - бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген), ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері

болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар
жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2019 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2019 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

3 3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2019 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

4 4. «Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Құрмамбаевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11 2019 жылға арналған ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері

Катонқарағай ауданының
әкімдігінің 2019 жылғы
28 наурыздағы
№ 125 қаулысына
1 қосымша
2019 жылға арналған ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері

Ұйымның атауы
Жұмыс-керлер-дің саны (адам)
Квота мөлшері
(%)
Жұмыс орындары-ның саны (бірліктер)
1.
«Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
102
1
1
2.
«Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумақтық мемлекеттік мекемесі
460
1
5
3.
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Катонқарағай орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
226
1
2
4.
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Катонқарағай ауданаралық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
236
1
2
5.
«Алтай Комхоз Сервис» қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны
106
1
1

12 2019 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері

Катонқарағай ауданының
әкімдігінің 2019 жылғы
28 наурыздағы
№ 125 қаулысына
2 қосымша
2019 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері

Ұйымның атауы
Жұмыскерлер-дің саны (адам)
Квота мөлшері
(%)
Жұмыс орын-дарының саны (бірліктер)
1.
«Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумақтық мемлекеттік мекемесі
460
1
5
2.
«Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
115
1
1
3.
«Алтай Комхоз Сервис» қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны
106
1
1

13 2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері

Катонқарағай ауданының
әкімдігінің 2019 жылғы
28 наурыздағы
№ 125 қаулысына
3 қосымша
2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері

Ұйымның атауы
Жұмыскерлер-дің саны (адам)
Квота мөлшері
(%)
Жұмыс орындарының саны (бірліктер)

Қолданыстағы