Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Байзакском районе на 2019 год

Қаулы · № 131 · қабылданған 18.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-130104/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Байзакском районе на 2019 год Қолданыста Қаулы ·№ 131 ·18.03.2019
18.03.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Байзакском районе на 2019 год

Қолданыста Қаулы ·№ 131 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Байзакском районе на 2019 год
Атауы (қаз.)
2019 жылға Байзақ ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
131
Қабылданған күні
18.03.2019
Қолданысқа енгізілген күні
19.04.2019
Көрсетілген редакция
18.03.2019 130104_395362.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19GB004147
ЭКБ идентификаторы
130104
Редакция идентификаторы
130104_395362
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:47

0 2019 жылға Байзақ ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Байзақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Байзақ ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санынан пайыздық көрсетілімінде 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Байзақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота шараларының ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. «Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Дәулетов Дәуір Рысбайұлына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 2019 жылға Байзақ ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Байзақ ауданы әкімдігінің
20___ жылғы ___ ____
№ ____ қаулысына қосымша
2019 жылға Байзақ ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар
Жұмыс
керлердің тізімдік санынан %
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
Жұмыс
керлердің тізімдік санынан %
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«РК Спец Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
13
38,5
5
38.5%
5
2
«Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
15
13 %
2
-
-
3
«Бірлік» шаруа қожалығы
2
50%
1
50%
1
4
«Даулет» шаруа қожалығы
3
45 %
1
-
-
Барлығы:
33
-
9
-
6

Қолданыстағы