Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- 2019 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 112
- Қабылданған күні
- 01.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2019 130183_396002.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19ZL005602
- ЭКБ идентификаторы
- 130183
- Редакция идентификаторы
- 130183_396002
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:35
0 2019 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2019 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3
3. Теректі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 91 «2018 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5153 тіркелген, 2018 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. «Теректі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Н.Досмаковқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2019 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
2019 жылғы «1» сәуірдегі № 112
Теректі ауданы әкімдігінің
каулысына қосымша
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2019 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері
Оңтайлы мерзімдері
3 құрғақ дала аймағы
басталуы
аяқталуы
1.
Арпа
25 сәуір
5 мамыр
2.
Сұлы
25 сәуір
5 мамыр
3.
Тары
10 мамыр
20 мамыр
4.
Күнбағыс
5 мамыр
15 мамыр
5.
Мақсары
5 мамыр
15 мамыр
6.
Жаздық бидай
5 мамыр
15 мамыр
7.
Күздік бидай
15 тамыз
10 қыркүйек