Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в Шуском районе на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в Шуском районе на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- 2019 жылға Шу ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 60
- Қабылданған күні
- 05.03.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2019 130279_396586.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19GK004136
- ЭКБ идентификаторы
- 130279
- Редакция идентификаторы
- 130279_396586
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:55
0
2019 жылға Шу ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шу ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. "Шу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. "Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Клара Исаққызы Қожағаппановаға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квоталар
Шу ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «___» ___________
№__ қаулысына қосымша
2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квоталар
№
Ұйымның атауы
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін
Жұмыскерлердің тізімдік санынан %
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
Жұмыскерлердің тізімдік санынан %
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
Жұмыскерлердің тізімдік санынан %
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
Шу ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің мамандырылған көпсалалы “Ауыз су-Шу” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
63
2 %
1
2%
1
-
-
2
Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің “Шу-Жылу” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
74
2 %
1
2%
1
-
-
3
Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің “Төле би мамандырылған көпсалалы кәсіпорны” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
55
2 %
1
2%
1
4
Барлығы
2
3
1