Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в районе Алтай на 2019 год

Қаулы · № 126 · қабылданған 02.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-130320/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в районе Алтай на 2019 год Қолданыста Қаулы ·№ 126 ·02.04.2019
02.04.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в районе Алтай на 2019 год

Қолданыста Қаулы ·№ 126 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в районе Алтай на 2019 год
Атауы (қаз.)
2019 жылға Алтай ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
126
Қабылданған күні
02.04.2019
Көрсетілген редакция
02.04.2019 130320_398033.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VL005833
ЭКБ идентификаторы
130320
Редакция идентификаторы
130320_398033
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:33

0 2019 жылға Алтай ауданында мектепке дейінгі тәрбие

мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,
ата - ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 - бабы 4 - тармағының 8 - 1) тармақшасына сәйкес Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға 1, 2 - қосымшаларға сәйкес 2019 жылға Алтай ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

2 2. «Алтай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

1 1) Алтай ауданының әділет басқармасында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2

2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде оның көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Алтай ауданы аумағында таратылатын мерзімдік баспаға оның көшірмесі ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) қаулы ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет - ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскароваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Алтай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы
2 сәуірдегі № 126
қаулысына 1- қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары
Мемлекеттік білім беру тапсырысы, орындар саны
1
Балабақшалар
1145
2
Мектептер жанындағы шағын орталықтар
160

10 Ата - ана төлемақысының мөлшері

Алтай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы
2 сәуірдегі № 126
қаулысына 2- қосымша
Ата - ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары
Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін (теңге)
Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін (теңге)
1
Балабақшалар
573
591
2
Мектеп жанындағы кіші орталықтар
Толық күн
-
665
Жарты күн
-
333
Ескертпе: 1 күнге бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Қолданыстағы