Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест по Акжаикскому району на 2019 год

Қаулы · № 71 · қабылданған 10.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-130492/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест по Акжаикскому району на 2019 год Күшін жойған Қаулы ·№ 71 ·10.04.2019
07.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест по Акжаикскому району на 2019 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 71 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест по Акжаикскому району на 2019 год
Атауы (қаз.)
Ақжайық ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71
Қабылданған күні
10.04.2019
Көрсетілген редакция
07.04.2020 130492_453577.kaz
Соңғы өзгеріс
07.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19ZB005621
ЭКБ идентификаторы
130492
Редакция идентификаторы
130492_453577
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:26

0 Ақжайық ауданы бойынша

2019 жылға жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық–атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақжайық ауданы бойынша ұйымдық–құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санынан келесідей мөлшерлерде жұмыс орындарына квота белгіленсін:

осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Ақжайық ауданы бойынша ұйымдарда жұмыскерлердің жалпы тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Ақжайық ауданы бойынша ұйымдарда жұмыскерлердің жалпы тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Ақжайық ауданы бойынша ұйымдарда жұмыскерлердің жалпы тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде.

2

2. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 тамыздағы №293 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4545 тіркелген, 2016 жылы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Умитов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары

Т.Шиниязовқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 2019 жылға ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ақжайық ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «10» сәуірдегі
№ 71 қаулысына
1 қосымша
2019 жылға ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе
ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің «Бітік мектеп-бөбекжай» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
101
1
1
2
«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Білім бөлімінің Мерген орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
92
1
1
БАРЛЫҒЫ
193
2

7 2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ақжайық ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «10» сәуірдегі
№ 71 қаулысына
2 қосымша
2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
Ақжайық ауданы әкімдігінің «Жайықтехсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
118
2
2
2
«Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
318
2
6
3
«Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
64
2
1
БАРЛЫҒЫ
500
9

8 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ақжайық ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «10» сәуірдегі
№ 71 қаулысына
3 қосымша
2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі
116
2
2
2
«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
36
2
1
3
«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
35
2
1
БАРЛЫҒЫ
187
4

Қолданыстағы