Құжат мәтініне өту

Об утверждении объема субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2019 год

Қаулы · № 71 · қабылданған 15.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-130599/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении объема субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2019 год Қолданыста Қаулы ·№ 71 ·15.04.2019
15.04.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении объема субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2019 год

Қолданыста Қаулы ·№ 71 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении объема субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2019 год
Атауы (қаз.)
2019 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
71
Қабылданған күні
15.04.2019
Көрсетілген редакция
15.04.2019 130599_398863.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19M0003866
ЭКБ идентификаторы
130599
Редакция идентификаторы
130599_398863
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:21

0 2019 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау

көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17583 болып тіркелген) сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2019 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемі бекітілсін.

2

2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ө.С. Бисақаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2019 жылғы «15» сәуірдегі
№ 71 қаулысына қосымша
2019 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемі

Субсидияланатын тауарлы
балық өнімдерінің түрлері
2019 жылға өсіру көлемі бойынша болжамдық көрсеткіш
(тонна)
2019 жылға арналған облыстық бюджетте көзделген сомасы
(мың теңге)
1
2
3
4
5
1
Бекіре және оның буданы
23,0
10 000,0
2
Албырт және оның буданы
-
-
3
Тұқы және оның буданы
-
-

Қолданыстағы