Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации на 2019 год

Қаулы · № 122 · қабылданған 05.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-130611/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации на 2019 год Қолданыста Қаулы ·№ 122 ·05.04.2019
05.04.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации на 2019 год

Қолданыста Қаулы ·№ 122 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации на 2019 год
Атауы (қаз.)
2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
122
Қабылданған күні
05.04.2019
Қолданысқа енгізілген күні
05.05.2019
Көрсетілген редакция
05.04.2019 130611_400135.kaz
Соңғы өзгеріс
05.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19GF004192
ЭКБ идентификаторы
130611
Редакция идентификаторы
130611_400135
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:29

0 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды

жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Меркі ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлерінің жалпы санынан квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Меркі ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. «Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қасым Марат Жарылқасынұлына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Меркі ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 5 сәуірдегі №122 қаулысына қосымша
2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар
Жұмыскерлердің тізімдік санынан %
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Меркі ірімшік зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
124
2
2
2
«Мерке - ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
56
2
1
3
«Сыпатай батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
81
2
2
4
«Олжа» шаруа қожалығы
50
2
1
барлығы
311
6

Қолданыстағы