Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства, подлежащих обязательному страхованию в растениеводстве на 2019 год по городу Уральск
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства, подлежащих обязательному страхованию в растениеводстве на 2019 год по городу Уральск
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласы бойынша 2019 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 950
- Қабылданған күні
- 26.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2019 131199_403269.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19ZA005642
- ЭКБ идентификаторы
- 131199
- Редакция идентификаторы
- 131199_403269
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:11
0 Орал қаласы бойынша 2019 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы
мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы
өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2019 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін.
2 2. «Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. «Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж.А.Ғұмаров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
С. Доляға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Орал қаласы бойынша 2019 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
Орал қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «26» сәуірдегі
№ 950 қаулысына қосымша
Орал қаласы бойынша 2019 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№
Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері
Бірінші табиғи-климаттық зоналар
Көктемнің орташа шығу уақыты
басталуы
аяқталуы
1
Арпа, сұлы
25 сәуір
5 мамыр
2
Жаздық бидай
10 мамыр
25 мамыр
3
Тары
20 мамыр
25 мамыр
4
Ноқат
5 мамыр
15 мамыр
5
Қарақұмық
30 сәуір
10 мамыр
6
Күнбағыс
5 мамыр
15 мамыр
7
Зығыр май
10 мамыр
25 мамыр
8
Мақсары
10 мамыр
25 мамыр
9
Көпжылдық шөптер
25 сәуір
5 мамыр
10
Судан шөбі
15 мамыр
30 мамыр
11
Құмай
15 мамыр
30 мамыр
12
Картоп
30 сәуір
25 мамыр
13
Көкөніс дақылдары
15 мамыр
15 маусым
14
Бақша дақылдары
1 мамыр
1 маусым
15
Күздік қара бидай
5 тамыз
20 тамыз
16
Күздік бидай
15 тамыз
10 қыркүйек