Құжат мәтініне өту

Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2019 год

Қаулы · № 73 · қабылданған 02.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-131201/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2019 год Қолданыста Қаулы ·№ 73 ·02.05.2019
13.11.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2019 год

Қолданыста Қаулы ·№ 73 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2019 год
Атауы (қаз.)
2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
73
Қабылданған күні
02.05.2019
Көрсетілген редакция
13.11.2019 131201_426890.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19U0005022
ЭКБ идентификаторы
131201
Редакция идентификаторы
131201_426890
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:07

0 2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы №408 бұйрығына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17583 тіркелген Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 шілдедегі №210 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4700 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2018 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында тіркеуді;

2

2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қ.Қ.Айтмухаметов
Ә.Е.Тұрғымбеков
Ж.Е.Аманбаев
М.И.Мырзалиев
М.Н.Отарбаев
Е.Ә.Садыр
А.Б.Тасыбаев

9 Түркістан облысы әкімдігінің

2019 жылғы «2» мамырдағы
№73 қаулысына
қосымша
2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

Субсидия-
лау бағыты
Өлшем бірлігі
Субси-
дия көлемі
Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) 1 (бір) килограмм өнімін өндіруге жұмсалатын азық нормативі, килограмм
1 (бір) килограмм акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өніміне жұмсалған шығынға шаққанда балық азығына бөлінетін субсидиялар сомасы, теңге
Субсидия-лар сомасы, мың тенге
1
Бекіре және оның буданы
тонна
22,2
1,5
285
9 504,3
2
Албырт және оның буданы
тонна
130,0
1,2
270
42 120,0
3
Тұқы және оның буданы
тонна
666,9
4
105
280 115,7
Барлығы
331 740,0

Қолданыстағы