Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Павлодарскому району на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Павлодарскому району на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- 2019 жылға арналған Павлодар ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 130/5
- Қабылданған күні
- 06.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2019 131303_404401.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PK006351
- ЭКБ идентификаторы
- 131303
- Редакция идентификаторы
- 131303_404401
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:02
0 2019 жылға арналған Павлодар ауданында пробация
қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18- бабы 7- тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, 27- бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Павлодар ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 2019 жылға арналған Павлодар ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Павлодар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «6» мамырдағы
№ 130/5 қаулысына
қосымша
2019 жылға арналған Павлодар ауданында пробация қызметінің
есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының квотасы
р/с
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны, (адам)
Квотаның көлемі (жұмыскелердің тізімдік санынан), %
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны, (адам)
1
2
3
4
5
1
«Луганск» өндірістік кооперативі
266
1
3
2
Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
335
1
3
3
«Ертіс» шаруа қожалығы
110
1
1
4
«Кирова» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
199
1
2
5
«Зерноград» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
125
1
1
1
2
3
4
5
6
«Агро-Альянс» агроөнеркәсіптік компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
73
1
1
7
«Маяк» шаруа қожалығы
124
1
1