Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, в организациях района Тереңкөл на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, в организациях района Тереңкөл на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- 2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Тереңкөл ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 141/2
- Қабылданған күні
- 06.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2019 131371_406200.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PH006349
- ЭКБ идентификаторы
- 131371
- Редакция идентификаторы
- 131371_406200
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:02
0 2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Тереңкөл ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Тереңкөл ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Тереңкөл ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «6» мамырдағы
№ 141/2 қаулысына
қосымша
2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
Тереңкөл ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарының квотасы
Р/с №
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік саны %)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға
арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме» мемлекеттік мекемесі
78
1
1
2
Качир ауданы әкімдігінің «Бастау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
63
1
1
3
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тереңкөл аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
260
1
3
4
«Ивановское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
58
1
1
5
«Песчан жөндеу-механикалық зауыты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
102
1
1
6
«Агро-Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
1
1