Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Каратобинскому району на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Каратобинскому району на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- Қаратөбе ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 58
- Қабылданған күні
- 08.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2020 131603_463571.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19ZI005658
- ЭКБ идентификаторы
- 131603
- Редакция идентификаторы
- 131603_463571
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:02
0 Қаратөбе ауданы бойынша 2019 жылға
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын,
ата-ана төлемақысының мөлшерін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Қаратөбе ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2
2. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 53 «2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4808 тіркелген, 2017 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы (К.Хитаров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативитік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Қаратөбе ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ана төлемақысының мөлшері
2019 жылғы «8» мамырдағы № 58
Қаратөбе ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша
Қаратөбе ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ана төлемақысының мөлшері
№ Р/с
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік - аумақтық орналасуы
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны
Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдарда ата - ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)
3 жасқа дейінгі
3 жастан 6 жасқа дейінгі
Бөбекжай (жергілікті бюджет)
1
Қаратөбе ауылы
«Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК
120
31663
6000
7200
2
Қаратөбе ауылы
«Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Жазира» бөбекжайы МКҚК
90
30869
6000
7200
3
Шөптікөл ауылы
«Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Шұғыла» бөбекжайы МКҚК
35
49012
6000
7200
Егіндікөл ауылы
Егіндікөл ауылдық округінің «Балбұлақ» бөбекжайы МКҚК
30
49609
6000
7200
Балалар бақшасы (жергілікті бюджет)
4
Қарақамыс ауылы
«Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Саралжын селолық округіндегі «Айгөлек» балабақшасы МКҚК»
25
54163
7200
5
Қоскөл ауылы
Қоскөл селолық округіндегі «Қарлығаш» балалар бақшасы МКҚК
25
54357
7200
6
Сулыкөл ауылы
«Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің «Балапан» балалар бақшасы» МКҚК
25
46533
7200
7
Үшана ауылы
«Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Раушан» балалар бақшасы» МКҚК
25
55012
7200
Аббревиатураның толық жазылуы:
Р/с – реттік сан;
МКҚК – мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.