Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Западно–Казахстанской области на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Западно–Казахстанской области на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- 2019 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25-3
- Қабылданған күні
- 27.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2020 132032_449475.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19Z0005690
- ЭКБ идентификаторы
- 132032
- Редакция идентификаторы
- 132032_449475
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:47
0 2019 жылға арналған
Батыс Қазақстан облысы бойынша
жер үсті көздеріндегі су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы
ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған 2019 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №19-4 «2018 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №5352 тіркелген, 2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 2019 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
Батыс Қазақстан
облыстық мәслихаттың
2019 жылғы 27 мамырдағы
№25-3 шешімімен бекітілген
2019 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
№
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлем ставкалары (теңге)
1
Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер
1000 тек.м.
100,826
2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде
1000 тек.м.
288,475
3
Ауыл шаруашылығы
1000 тек.м.
81,221
4
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
1000 тек.м.
78,42
5
Су көлігі
1000 т.км
9,803
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
тек.м. – текше метр;
т.км – тонна километр.