Құжат мәтініне өту

О государственной поддержке развития рыбоводства в Актюбинской области на 2019 год

Қаулы · № 204 · қабылданған 24.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-132070/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О государственной поддержке развития рыбоводства в Актюбинской области на 2019 год Қолданыста Қаулы ·№ 204 ·24.05.2019
24.05.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О государственной поддержке развития рыбоводства в Актюбинской области на 2019 год

Қолданыста Қаулы ·№ 204 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О государственной поддержке развития рыбоводства в Актюбинской области на 2019 год
Атауы (қаз.)
2019 жылға Ақтөбе облысында балық өсіру шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
204
Қабылданған күні
24.05.2019
Көрсетілген редакция
24.05.2019 132070_408870.kaz
Соңғы өзгеріс
24.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19C0006205
ЭКБ идентификаторы
132070
Редакция идентификаторы
132070_408870
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:47

0 2019 жылға Ақтөбе облысында балық өсіру шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17583 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша 2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

2 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2019 жылғы 24 мамырдағы
№ 204 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысы бойынша 2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№ реттік саны
Тауарлық балық өнімдерінің түрлері
2019 жы­л­ғы жос­пар­лан­ған өнім кө­ле­мі, кг
Ак­ва­өсі­ру (ба­лық өсі­ру ша­ру­а­шы­лы­ғы) өнім­де­рі­нің 1 кг өн­ді­рі­сіне азық шы­ғын­да­ры­на бе­рі­ле­тін суб­си­ди­я­лар­дың бе­кі­ті­л­ген нор­ма­ти­ві, кг
Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив бой­ын­ша жал­пы азық шы­ғы­ны, кг (3 ба­ға­на х 4 ба­ға­на)
1 кг өнім­ге шы­ғын­дар есе­бі­нен ба­лық­тар азығ­ы­на бе­рі­ле­тін суб­си­ди­я­лар­дың бе­кі­ті­л­ген со­ма­сы, тең­ге
Ак­ва­өсі­ру­дің (ба­лық өсі­ру ша­ру­а­шы­лы­ғы) өзін­дік құ­нын ар­зан­да­ту үшін жос­пар­лан­ған суб­си­ди­я­лар­дың кө­ле­мі, тең­ге (5 ба­ға­на х 6 ба­ға­на)
1
2
3
4
5
6
7
1
Бекіре және оның буданы
2 000
1,5
3 000
285,0
855 000
2
Тұқы және оның буданы
5 107,15
4,0
20 428,57
105,0
2 145 000,0
Барлығы
7 107,15
х
23 428,57
х
3 000 000,0

Қолданыстағы