Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2019 год по Таскалинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2019 год по Таскалинскому району
- Атауы (қаз.)
- Тасқала ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 124
- Қабылданған күні
- 28.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2020 132180_466046.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19ZK005692
- ЭКБ идентификаторы
- 132180
- Редакция идентификаторы
- 132180_466046
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:45
0 Тасқала ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Тасқала ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2
2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 28 «Тасқала ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5080 тіркелген, 2018 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған), 2018 жылғы 29 мамырдағы № 134 «Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №28 «Тасқала ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5227 тіркелген, 2018 жылғы
12 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Қ.Нурекешев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Тасқала ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата ананың ақы төлеу мөлшері
Тасқала ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «28» мамырдағы
№ 124 қаулысына
қосымша
Тасқала ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата ананың ақы төлеу мөлшері
№
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік аумақтық орналасуы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)
Бір айға бір тәрбиеленушіге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
3 жасқа дейін
3 жастан 6 жасқа дейін
Бөбекжай ( жергілікті бюджет)
1
Тасқала ауылы
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы «Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақбөпе» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
140
30153
8000
9000
2
Тасқала ауылы
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы «Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Бөбек» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
119
30153
8000
9000
3
Тасқала ауылы
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы «Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
40
30153
8000
9000
4
Мерей ауылы
Тасқала ауданы әкімдігі Тасқала аудандық білім бөлімінің «Айгөлек балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
40
30153
8000
9000
Мектеп – балабақша кешені (жергілікті бюджет)
1
Мереке ауылы
Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Мереке «мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
18
30153
8000
9000
2
Шежін ауылы
«Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Шежін «мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
38
30153
8000
9000
3
Ақтау ауылы
Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Ақтау «мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
25
30153
8000
9000
4
Амангелді ауылы
Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Амангелді «мектеп-балабақша» кешені» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
49
30153
8000
9000
5
Атамекен ауылы
Тасқала аудандық білім бөлімінің «Атамекен жалпы орта білім беретін «мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
37
30153
8000
9000
6
Оян ауылы
Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Оян орта «мектеп-бөбекжай-бақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
25
30153
8000
9000
Жеке мектепке дейінгі ұйым (жергілікті бюджет)
1
Тасқала ауылы
«Нұр» бөбекжайы ЖК «Дакишев»
40
30153
8000
9000