Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест по Жанибекскому району на 2019 год

Қаулы · № 108 · қабылданған 03.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-132263/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест по Жанибекскому району на 2019 год Күшін жойған Қаулы ·№ 108 ·03.06.2019
03.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест по Жанибекскому району на 2019 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 108 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест по Жанибекскому району на 2019 год
Атауы (қаз.)
Жәнібек ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
108
Қабылданған күні
03.06.2019
Көрсетілген редакция
03.06.2020 132263_465757.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19ZF005699
ЭКБ идентификаторы
132263
Редакция идентификаторы
132263_465757
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:40

0 Жәнібек ауданы бойынша 2019

жылға жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Жәнібек ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2 2. Осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Жәнібек ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

3 3. Осы қаулының 3 - қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Жәнібек ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

4

4. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 183 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4519 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 тамыздағы «Шұғыла» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Молдағалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Хайруллинге жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Жәнібек ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Жәнібек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «3» маусымдағы
№108 қаулысына
1-қосымша
Жәнібек ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы
Жыл басы бойынша қызметкерлердің
тізімдік
саны (адам)
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің
тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)
1
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
164
3
5
2
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
89
3
2
3
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Ғ.Абдуллин атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
80
3
2
4
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Е.Ниеткалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
78
3
2
5
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Ғ.Қараш атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
43
3
1

9 Жәнібек ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Жәнібек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «3» маусымдағы
№108 қаулысына
2-қосымша
Жәнібек ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы
Жыл басы бойынша қызметкерлердің
тізімдік
саны (адам)
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің
тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)
1.
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандақ мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
30
3
1

10 Жәнібек ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Жәнібек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «3» маусымдағы
№108 қаулысына
3-қосымша
Жәнібек ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы
Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің
тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)
1
«Жәнібек аудандық демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
111
2
2
2
Жәнібек ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
56
2
1
3
«Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
39
2
1

Қолданыстағы