Құжат мәтініне өту

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2019 год

Бұйрық · № 186 · қабылданған 01.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-133032/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2019 год Қолданыста Бұйрық ·№ 186 ·01.07.2019
01.07.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2019 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 186 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2019 год
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
186
Қабылданған күні
01.07.2019
Көрсетілген редакция
01.07.2019 133032_414648.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018960
ЭКБ идентификаторы
133032
Редакция идентификаторы
133032_414648
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:17

0 Қазақстан Республикасы Президентінің

2019 жылға арналған стипендиясын
жоғары оқу орындары бойынша
бөлу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы
№ 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18670 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
13 мамырдағы № 201 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің

2019 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу (бұдан әрі - бөлу) бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті

(Р. Игенев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаментіне (А. Досходжаева ) қоса берілген бөлуге сәйкес жоғарғы оқу орындарына республикалық бюджетпен қарастырылған тиісті қаржы жылы бойынша қаражат бөлінуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы «01» шілдедегі
№ 186 бұйрығымен
бекітілген

Жо­ға­ры оқу орын­да­ры­ның ата­уы
Сту­дент­тер­ге ар­нал­ған
сти­пен­дия са­ны
1.
«Құр­ман­ға­зы атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық кон­сер­ва­то­ри­я­сы» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
4
2.
«Қа­зақ ұлт­тық өнер уни­вер­си­те­ті» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
4
3.
«Т.К.Жүр­ге­нов атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық өнер ака­де­ми­я­сы» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
4
Бар­лы­ғы:
12

Қолданыстағы