Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2019 год

Қаулы · № 54 · қабылданған 03.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2019-ekb-133094/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2019 год Қолданыста Қаулы ·№ 54 ·03.07.2019
03.07.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2019 год

Қолданыста Қаулы ·№ 54 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2019 год
Атауы (қаз.)
2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
54
Қабылданған күні
03.07.2019
Көрсетілген редакция
03.07.2019 133094_412780.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NP008573
ЭКБ идентификаторы
133094
Редакция идентификаторы
133094_412780
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:15

0 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2019 жылға арналған Науырзым ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Науырзым ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 2019 жылға арналған Науырзым ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Әкімдіктің
2019 жылғы «3» шілдедегі
№ 54 қаулысына
қосымша
2019 жылға арналған Науырзым ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ р/с
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)
1
Қарамеңді ауылы
«Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
115
30579
3 жасқа дейін – 7000,
3 жастан бастап - 8000
2
Дәмді ауылы
«Науырзым ауданы білім беру бөлімінің «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
25
30579
3 жасқа дейін – 4000,
3 жастан бастап - 4000
3
Буревестник ауылы
«Науырзым ауданы білім беру бөлімінің «Нұрбөбек» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
45
30579
3 жасқа дейін – 5884,
3 жастан бастап - 7561
4
Өлеңді ауылы
«Науырзым ауданы білім беру бөлімінің «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
25
30579
3 жасқа дейін – 5000,
3 жастан бастап - 5000
5
Шилі ауылы
«Науырзым ауданы әкімдігінің «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
25
30579
3 жасқа дейін – 4000,
3 жастан бастап - 4000
6
Қарамеңді ауылы
«Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балапан» Бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
55
30579
3 жасқа дейін – 7000,
3 жастан бастап - 8000

Қолданыстағы