Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации в Сарысуском районе на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации в Сарысуском районе на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- 2019 жылға Сарысу ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 29.05.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 12.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2019 133566_415147.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19GI004252
- ЭКБ идентификаторы
- 133566
- Редакция идентификаторы
- 133566_415147
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:44
0 2019 жылға Сарысу ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес, Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Сарысу ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанынан қарамастан ұйымдар үшін ұйым қызметкерлерінің тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкiмiнiң орынбасары Омарбек Берген Жақатайұлына жүктелсiн.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 2019 жылға Сарысу ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар
Сарысу ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «____» __________
№ ____ қаулысына қосымша
2019 жылға Сарысу ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар
№
Ұйымның атауы
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін
Жұмыскерлердің тізімдік санынан %
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені
1581
0,1%
2
2
«Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жаңатас-Су-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
169
1,7%
3
3
«Көгалдандыру және көріктендіру» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
16
6%
1
4
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны
740
0,3%
2
5
«F&TM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
10
10%
1
6
«АмирТрансСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
12
8%
1
7
«Алты-Орда-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5
20%
1
8
Жеке кәсіпкер «Мутляпова Г.Е.»
14
7%
1
9
Жеке кәсіпкер «Бекмаганбетов»
5
20%
1
Барлығы
2552
13