Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан по Бокейординскому району на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан по Бокейординскому району на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- Бөкей ордасы ауданы бойынша 2019 жылға азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 142
- Қабылданған күні
- 09.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2020 133967_466044.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19ZD005764
- ЭКБ идентификаторы
- 133967
- Редакция идентификаторы
- 133967_466044
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:51
0 Бөкей ордасы ауданы бойынша 2019 жылға азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық–атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес, Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Бөкей ордасы ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының бір пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Бөкей ордасы ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3 3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Бөкей ордасы ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
4 4. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Айтқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л.Т.Қайырғалиеваға жүктелсiн.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2019 жылға ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – насының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «9» тамыздағы № 142
қаулысына 1-қосымша
2019 жылға ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – насының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№
Ұйымдардың атауы
Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)
1
«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекетті мекемесі
111
1%
1
8 2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «9» тамыздағы № 142
қаулысына 2-қосымша
2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі
№
Ұйымның атауы
Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)
1
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бөкей ордасы аудандық
ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
64
2%
1
2
«Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» Акционерлік қоғамын
53
2%
1
9 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «9» тамыздағы № 142
қаулысына 3-қосымша
2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№
Ұйымның атауы
Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)
1
«Бөкей ордасы аудандық мәдениет бөлімінің Бөкейордасы аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
30
2%
1
2
«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
36
2%
1
3
Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
44
2%
1