Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на территории Наурзумского района в разрезе природно-климатических зон по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на территории Наурзумского района в разрезе природно-климатических зон по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- 2019 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегі Науырзым ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 131
- Қабылданған күні
- 22.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2019 134295_418507.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NP008640
- ЭКБ идентификаторы
- 134295
- Редакция идентификаторы
- 134295_418507
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:44
0 2019 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегі Науырзым ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2019 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегі Науырзым ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсін.
2 2. «Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 12 мамырдан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.
7 2019 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегі Науырзым ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
Әкімдіктің
2019 жылғы 22 тамыздағы
№ 131 қаулысына
қосымша
2019 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегі Науырзым ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi
Егiс жұмыстардың басталуы мен мен аяқталуы
ІІІ табиғи-климаттық аймақ (құрғақ дала)
Жұмсақ жаздық бидай
12 мамыр мен 5 маусым аралығы
Қатты жаздық бидай
18 мамыр мен 5 маусым аралығы
Жаздық арпа
18 мамыр мен 5 маусым аралығы
Сұлы
18 мамыр мен 5 маусым аралығы
Қарақұмық
20 мамыр мен 5 маусым аралығы