Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на территории Мендыкаринского района в разрезе природно-климатических зон по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на территории Мендыкаринского района в разрезе природно-климатических зон по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- 2019 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Меңдіқара ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 134
- Қабылданған күні
- 15.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2019 134371_419031.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NO008643
- ЭКБ идентификаторы
- 134371
- Редакция идентификаторы
- 134371_419031
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:47
0 2019 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Меңдіқара ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2019 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Меңдіқара ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Меңдіқара ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 5 мамырдан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.
7 2019 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Меңдіқара ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
Әкімдіктің
2019 жылғы 15 тамыздағы
№ 134 қаулысына
қосымша
2019 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Меңдіқара ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№
Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері
Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы
II табиғи-климаттық аймақ (дала)
1
Жаздық жұмсақ бидай
12 мамыр мен 5 маусым аралығы
2
Жаздық арпа
18 мамыр мен 5 маусым аралығы
3
Сұлы
18 мамыр мен 5 маусым аралығы
4
Тары
20 мамыр мен 5 маусым аралығы
5
Бұршақ
18 мамыр мен 31 мамыр аралығы
6
Рапс
15 мамыр мен 28 мамыр аралығы
7
Күнбағыс
5 мамыр мен 28 мамыр аралығы
8
Аңқа
15 мамыр мен 28 мамыр аралығы