О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников Павлодарской области на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников Павлодарской области на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 380/34
- Қабылданған күні
- 27.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2019 135286_423827.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19P0006575
- ЭКБ идентификаторы
- 135286
- Редакция идентификаторы
- 135286_423827
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:22
0 Павлодар облысының жер үсті көздеріндегі
су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 223 бұйрығына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2 2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Павлодар облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері
Павлодар облыстық мәслихатының
2019 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 380/34 шешімімен бекітілген
Павлодар облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін
2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері
Р/с №
Арнайы су пайдалану түрлері
Өлшем
бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері, теңге
1
2
3
4
1
Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер
1000 текше метр
128,46
2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын есептегенде
1000 текше метр
738,16
3
Ауыл шаруашылығы
1000 текше метр
207,99
4
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
1000 текше метр
207,99
5
Су көліктері
1000 тонна шақырым
28,54