Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по городу Алматы на 2019 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по городу Алматы на 2019 год
- Атауы (қаз.)
- 2019 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 402
- Қабылданған күні
- 31.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2019 135888_426778.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19R0001596
- ЭКБ идентификаторы
- 135888
- Редакция идентификаторы
- 135888_426778
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:01
0 2019 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті
көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің
38-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес,
VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2019 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2 2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлік және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 2019 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
Алматы қаласы мәслихатының
2019 жылғы 31 қазандағы
№ 402 шешіміне
қосымша
2019 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің
су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
Өзендер, көлдер, теңіздер
бассейні
Тұрғын-үй пайдалану және
коммуналдық қызметтер
(теңге/1000 текше метр)
Өнеркәсіп
жылу энергетикасын қоса есептегенде
(теңге/1000 текше метр)
Ауыл шаруашылығы
(теңге/1000 текше метр)
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
(теңге/1000 текше метр)
Гидроэнергетика
(теңге/1000 киловатт- сағат)
Су көлігі,
(теңге/1000 тонна- шақырым)
Балқаш және Алакөл көлдері бассейні
102,3
282,5
81,3
77,7
30,0
8,8