Об утверждении перечня приоритетных видов спорта в Северо-Казахстанской области на 2020-2021 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных видов спорта в Северо-Казахстанской области на 2020-2021 годы
- Атауы (қаз.)
- 2020-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 315
- Қабылданған күні
- 06.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2019 136815_430813.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19S0005714
- ЭКБ идентификаторы
- 136815
- Редакция идентификаторы
- 136815_430813
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:28
0 2020-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 8-бабы 1-тармағы 20-5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған 2020-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысында спорттың басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 485 қаулысының (2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4405 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Солтүстік Қазақстан облысындағы 2020 – 2021 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің тізбесі
Cолтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2019 жылғы
«__» __________
№ _____ қаулысымен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысындағы 2020 – 2021 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің тізбесі
Топ атауы
Спорттың олимпиадалық емес түрлерінің атауы
Спорттың жазғы олимпиадалық түрлерінің атауы
Спорттың қысқы олимпиадалық түрлерінің атауы
Ұлттық спорт түрлерінің атауы
Параолимпиадалық спорт түрлерінің атауы
«А» тобы
Акробатика
Гір спорты
Жеңіл атлетика (сурдо)
Кекушинкай каратэ
Кикбоксинг
Қол күресі
Муай-тай
Пауэрлифтинг
Президенттік көпсайыс
Радиоспорт
Спорттық бағдарлау (қысқы, жазғы)
Спорттық би
Таеквон-до ITF
Шахмат
Ауыр атлетика
Баскетбол
Бокс
Велосипед спорты (шоссе, трек, маунтинбайк)
Грек-рим күресі
Еркін күрес (ерлер, әйелдер)
Жеңіл атлетика
Жүзу
Классикалық
волейбол
Биатлон
Конькимен жүгіру
спорты
Керлинг
Шаңғы жарысы
Шайбалы хоккей
Асық ату
Жекпе-жек
Қазақ күресі
Мүгедектер спорты:
көру бойынша
Дойбы
Жеңіл атлетика
Жүзу
Тоғыз құмалақ
Шаңғы жарысы
Шахмат
тірек-қимыл қозғалыс аппаратының бұзылуымен
Арбада билеу
Дойбы
Жатып сығымдау
Жеңіл атлетика
Жүзу
Қол күресі
Пауэрлифтинг
Үстел теннисі
Шаңғы жарысы
Шахмат
«В» тобы
Белбеу күресі
Джиу-джитсу
Допты хоккей
Шинкиокушинкай
каратэ
Қоян-қолтық ұрыс
ММА аралас
жауынгерлік жекпе-жек
Самбо
Спорттың өрт-қолданбалы түрі
Футбол (сурдо)
Шағын футбол (сурдо)
Шағын футбол
Батуттық гимнастика
Дзюдо
Көркем гимнастика
Спорттық гимнастика
Семсерлесу
Үстел теннисі
Футбол
Шорт-трек
Аударыспақ
Аламан бәйге
Көкпар
Құнан бәйге
Тоғыз құмалақ
-
«С» тобы
Альпинизм
Кудо
Кунг-фу
Ушу
Каратэ-до WKF
Теннис
Таеквондо WTF
Тау шаңғы спорты
Жамбы ату
Теңге ілу
-
Аббревиатуралардың түсіндірмесі:
Таеквон-до ITF – Интернейшинел Таеквон-до Федерейшн (Таеквон-до International taekwon-do Federation);
ММА – Миксд Мартиал Артс (Мixed Martial Arts);
Каратэ-до WKF – Уолд каратэ-до Федерейшн (Каратэ-до World Karate-do Federation);
Таеквондо WTF – Уолд таеквондо Федерейшн (Таекводо World taekwondo Federation).