Құжат мәтініне өту

Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта Алматинской области на 2020-2021 годы

Қаулы · № 583 · қабылданған 25.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-2021-ekb-137888/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта Алматинской области на 2020-2021 годы Қолданыста Қаулы ·№ 583 ·25.12.2019
25.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта Алматинской области на 2020-2021 годы

Қолданыста Қаулы ·№ 583 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта Алматинской области на 2020-2021 годы
Атауы (қаз.)
Алматы облысының 2020-2021 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
583
Қабылданған күні
25.12.2019
Көрсетілген редакция
25.12.2019 137888_435066.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19D0005373
ЭКБ идентификаторы
137888
Редакция идентификаторы
137888_435066
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:04

0 Алматы облысының 2020-2021 жылдарға арналған

спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алматы облысының 2020-2021 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Алматы облысы әкімдігінің «Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 29 қарашадағы № 534 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4407 тіркелген, 2017 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді он жұмыс күні ішінде «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Мәнізоровке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
______________ А. Райымқұлова
2019 ж. «___» ______________

9 Облыс әкімі

2019 жылғы 25 желтоқсаны
№ 583 қаулысына қосымша/
бекітілген
Алматы облысының 2020-2021 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Топтар атауы

Олимпиадалық емес спорт түрінің атауы
Жазғы олимпиадалық спорт түрінің атауы
Қысқы олимпиадалық спорт түрінің атауы
Паралимпиадалық спорт түрінің атауы
Ұлттық спорт түрінің атауы
«А» тобы
1
Грэпплинг
Ауыр атлетика
Биатлон
Жеңіл атлетика
Жекпе-жек
2
Джиу-джитсу
Бокс
Конькимен мәнерлеп сырғанау
Жүзу
Қазақ күресі
3
Шинкиокушинкай каратэ
Грек-рим күресі
Шаңғы жарыстары
Үстел теннисі
Құсбегілік
4
Қол күресі
Дзюдо
Нысана көздеу
Тоғызқұмалақ
5
Самбо
Еркін күрес
Садақ ату
6
Сурдо бадминтон
Желкенді қайық спорты
Шаңғы жарыстары
7
Сурдо армрестлинг
Жеңіл атлетика
Арбамен би
8
Сурдо грек-рим күресі
Жүзу
Пауэрлифтинг
9
Сурдо дзюдо
Классикалық волейбол
Қол күресі
10
Сурдо еркін күрес
Регби
Тұрып ойнау волейболы
11
Сурдо жүзу
Садақ ату
Отырып ойнау волейболы
12
Сурдо шахмат
Таеквондо WTF
Голбол
13
Таеквондо
14
Дзюдо
«В» тобы
1
Белбеу күресі
Әйелдер күресі
Шаңғы қоссайысы
Аударыспақ
2
Кекушинкай каратэ
Байдарка мен каноэде есу
Шайбалы хоккей
Бәйге
3
Қоян-қолтық ұрыс
Баскетбол
Көкпар
4
Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА)
Каратэ-до
5
Муайтай
Көгалдағы хоккей
6
Қазіргі бессайыс
7
Қол добы
8
Спорттық гимнастика
9
Спорттық құзға өрмелеу
10
Тасжолдағы велосипед спорты
11
Тректегі велосипед спорты
12
Үстел теннисі
13
Футбол
«С» тобы
1
Гір спорты
Ат спорты
Керлинг
Асық ату
2
Каратэ-до шотокан
Көркем гимнастика
Конькимен жүгіру спорты
Жамбы ату
3
Кикбоксинг
Маунтинбайк велосипед спорты
Шорт-трек
Хан дойбы
4
Қысқы президенттік көпсайыс
Стенд ату
Фристайл
5
Панкратион
Теннис
6
Параплан спорты
Триатлон
7
Пауэрлифтинг
8
Ушу
9
Шаңғымен бағдарлау
10
Шахмат
11
Шашки
12
Унибой
** аббревиатуралардың түсіндірмесі:
Сурдо – Сурдолимпиадалық спорт түрлері
ММА - Мixed Martial Arts (Миксд Мартиал Артс)

Қолданыстағы