Құжат мәтініне өту

Об утверждении плана по управлению пастбищами и их использованию в Ордабасинском районе на 2020-2021 годы

Өзге акт · № 56/4 · қабылданған 28.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-2021-ekb-139357/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении плана по управлению пастбищами и их использованию в Ордабасинском районе на 2020-2021 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 56/4 ·28.01.2020
28.01.2020 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении плана по управлению пастбищами и их использованию в Ордабасинском районе на 2020-2021 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 56/4 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении плана по управлению пастбищами и их использованию в Ордабасинском районе на 2020-2021 годы
Атауы (қаз.)
Ордабасы ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
56/4
Қабылданған күні
28.01.2020
Көрсетілген редакция
28.01.2020 139357_442788.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UH005398
ЭКБ идентификаторы
139357
Редакция идентификаторы
139357_442788
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:13

0 Ордабасы ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ордабасы ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. «Ордабасы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданының мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Ордабасы ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспары

Ордабасы ауданының
мәслихатының 2020 жылғы
28 қаңтардағы №56/4
шешіміне қосымша
Ордабасы ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспары
Осы Ордабасы ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі-Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 28 сәуір 2017 жылы №15090 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 15 мамыр 2015 жылы №11064 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
1. Жоспар мазмұны:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);
2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы;
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы;
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін, жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы;
6) ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Ордабасы ауданының барлық жер көлемі 265 561 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы 208 662 гектар, оның ішінде егістік жерлер 71273 гектар, оның ішінде суармалы егістік 32 711 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 1 490 гектар, тыңайған жерлер 18 954 гектар, жайылымдар 103 992 гектар.
Жер санаттары бойынша:
ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері 208662 гектар;
елді мекендердің жерлері 19854 гектар;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 15411 гектар;
ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 49958 гектар;
орман қорының жерлері 4821 гектар;
су қорының жерлері 8522 гектар;
Ордабасы ауданының 5738 гектар жерін Бәйдібек ауданы және 392 гектар жерін Төлеби ауданы пайдалануда.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Ордабасы ауданында 10 ауылдық округтер (Бадам, Бөржар, Бөген, Жеңіс, Қажымұқан, Қараспан, Қарақұм, Төрткөл, Шұбар, Шұбарсу), 57 ауылдық елді-мекендер орналасқан.
Мазмұны:
1 Табиғаты
2 Климаты
3 Гидрографиясы
4 Ауыл шаруашылығы
Табиғаты:
Ордабасы ауданының жер тіктілігі жазық, оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай-жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері  Қайнар ауылының шығысында (383 метр). Ауданның климаты континенттік. Аудан арқылы Арыс және Боралдай, Бөржар, Бадам, Шұбарсу тағы басқа өзендері ағып өтеді. Ауданның орталық бөлігінде Бөген су қоймасы салынған. Одан  Арыс-Түркістан каналы  тартылған. Бөгеннің оңтүстігін бойлай Арыс магистралды каналы жүргізілген.
Солтүстігінде боз жусан басым көкпек, сар-сазан, баялыш, күйреуік өскен. Ауданның солтүстігінде боз жусан, ши аралас эфемероидті өсімдіктер өседі. Дәрілік өсімдіктерден күріш қонағы, қара меңдуана, тұмаршөп (жұмыршақ).
Климаты
Аудан аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғылдықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) қалыптасқан.
Қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты. Жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды. Бірақ көп жатпай, тез еріп кетеді. Ең суық ай –қаңтардың орташа темпратырасы – 12-20 суық. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-40 сантиметр. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-380 милиметр. Желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғады. Орташа жылдамдығы 3-5 метр секунд. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп (0,3-0,4)  ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады.
Жазы ұзақ аудан түстігінде 8 айға дейін созылады. Жазы ыстық шілде айының орташа температурасы 27-42С.
Гидрографиясы:
Ауданымызда ең ірі және ең ұзын өзен – Арыс өзені Арыс ауданы арқылы Сырдария өзеніне құяды. Сырдария өзенінің негізгі саласы - Арыс өзені (378 километр), ол Алатау мұздықтарынан басталады. Бұдан бөлек ауданда Бадам, Бөржар, Бөген, Шаян, Шұбарсу, АТК өзендері бар.
Ауданымыздағы ең үлкен су қоймасы – Бөген су қоймасы.
Бөген су қоймасының сыйымдылығы 37 миллион текше метр. Ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады. Бұдан бөлек ауданда Бөржар, Теспе су қоймалары бар.
Ауданымыздағы жерасты суларының қоры ретінде Бөген жер асты су көздерін атауға болады, Қайнар, Визит, Бекзат бақ, Темірлан минералды суларына арнайы рұқсатпен пайдалануға берілген.
Ауыл шаруашылығы:
Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 208 662 гектар. Оның ішінде егістік жерлер 71273 гектар, оның ішінде суармалы егістік 32711 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 1490 гектар, шабындық жерлер 3211 гектар, жайылымдық 103992 гектар.
Ордабасы ауданы бойынша ірі қара 60600, қой және ешкі 351076, жылқы 20008, түйе 478 басқа жетті.
Ордабасы ауданындағы ауылдық округтері бойынша мал басының саны туралы мәлімет.

Ауыл округі
Түйе
Жылқы
Оның ішінде
Ірі қара мал
Оның ішінде
Ұсақ мал
Оның ішінде
Қолда ұсталатыны
Табиғи жайылымды қажет ететіні
Қолда ұсталатыны
Табиғи жайылымды қажет ететіні
Қолда ұсталатыны
Табиғи жайылымды қажет ететіні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1
Бадам
-
2130
94
2036
5831
147
5684
48848
213
48635
2
Бөржар
-
4004
382
3622
8439
810
7629
55433
350
55083
3
Бөген
171
582
103
479
3540
508
3032
16000
187
15813
4
Жеңіс
-
169
22
147
2162
217
1945
8545
190
8355
5
Қажымүқан
-
4117
318
3799
11467
980
10487
62333
2840
59493
6
Қараспан
-
4655
113
4542
8498
635
7863
72282
2715
69567
7
Қарақұм
-
543
14
529
2813
345
2468
8547
35
8512
8
Төрткөл
307
1100
132
968
9182
350
8832
34230
1139
33091
9
Шұбар
-
2427
412
2015
4261
102
4159
38091
448
37643
10
Шұбар су
-
281
107
174
4407
1775
2632
6767
1920
4847
Барлығы
478
20008
1697
18311
60600
5869
54731
351076
10037
341039
Төрт түлік малдың жайылымдық жерлермен қамтылу деңгейі:

Ауыл округтер саны
Ауыл округтеріндегі жалпы жайылымның жер көлемі, гектар
Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар
Жылқы
Гектар нормасы
Қажетті жайылым, гектар
Ірі қара мал
Гектар нормасы
Қажетті жайылым, гектар
Ұсақ мал
Гектар, нормасы
Қажетті жайылым, гектар
Жалпы қажет жайылым, жер көлемі
Аудандағы жалпы жайылыммен, қажетті жайылымның айырмасы (+-)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
1
Бадам
19503
2036
9
18324
5684
8
45472
48635
2
97270
161066
-141563
2
Бөржар
30754
3622
9
32598
7629
8
61032
55083
2
110166
203796
-173042
3
Бөген
6392
479
9
4311
3032
8
24256
15813
2
31626
60193
-53801
4
Жеңіс
3933
147
9
1323
1945
8
15560
8355
2
16710
33593
-29660
5
Қажымұқан
14982
3799
9
34191
10487
8
83896
59493
2
118986
237073
-222091
6
Қараспан
16950
4542
9
40878
7863
8
62904
69567
2
139134
242916
-225966
7
Қарақұм
934
529
9
4761
2468
8
19744
8512
2
17024
41529
-40595
8
Төрткөл
5973
968
9
8712
8832
8
70656
33091
2
66182
145550
-139577
9
Шұбар
4571
2015
9
18135
4159
8
33272
37643
2
75286
126693
-122122
10
Шұбарсу
0
174
9
1566
2632
8
21056
4847
2
9694
32316
-32316
Барлығы
103992
18311
9
164799
54731
8
437848
341039
2
682078
1284725
-1180733
Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық объектілер: ветеринариялық станциялар-8, ұсақ малдарды шомылдыру орындары-24, жасанды ұрықтандыру пунктері-14, биотермиялық шұңқырлар саны-7
Ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер:

Ауыл округі
Ветеринарялық станциялар
Ұсақ малдарды шомылдыру орындары
Жасанды ұрықтандыру пунктері
Биотермиялық
Шұңқырлар
1
Бадам
1
2
1
-
2
Бөржар
1
-
1
-
3
Бөген
1
2
1
1
4
Жеңіс
-
1
1
-
5
Қажымұқан
1
11
1
1
6
Қараспан
1
2
3
1
7
Қарақұм
1
1
1
1
8
Төрткүл
1
2
3
1
9
Шұбар
1
2
1
1
10
Шұбар су
-
1
1
1
Барлығы
8
24
14
7
Жайылым жерлердің құрғақ массасының орташа түсімділігі 5,3 центнер/гектарына, азықтық бірлігі 3,1 центнер/гектарына.
Табиғи жем-шөп алқаптарындағы жайылымдардың түсімділігі (центнер/гектарына) мен азықтық бірлігіне баға беру төмендегі көрсеткіштермен жүргізілді.
Жайылымды
маусымдық
пайдалану ұсынысы
Азықтық бірлік бойынша жайылым сапасының өнімділігі (центнер/гектарына)
жақсы
ортадан жоғары
орта
ортадан төмен
Жаман
1
2
3
4
5
6
Көктемгі-жаздық,күздік және жаздық
11,0 жоғары
7,0-11,0
4,0-6,9
2,0-3,9
2,0 төмен
Көктемдік
7,5 жоғары
5,5-7,5
3,0-5,4
1,5-2,9
1,5 төмен
Күздік
3,0-4,0
2,0-2,9
1,0-1,9
-
1,0 төмен
Көктемдік-күздік
Екі маусым бойынша бағаланады,көктемдік-күздік
Жем-шөп қорының құнарлығы төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
Жайылымды
маусымдық
пайдалану ұсынысы
Жем-шөптің құнарлығы
(100 килограмм құрғақ шөптегі азықтық бірліктің көлемі)
жақсы
орта
Жаман
1
2
3
4
Көктемдік
68-ден жоғары
51-69
51-ден төмен
Көктемгі-жаздық,күздік және жаздық
50-ден жоғары
40-50
40-тан төмен
Күздік
40-тан жоғары
30-40
30-дан төмен
Қорытынды.
Ордабасы ауданында жалпы жайылымдық жер 103992 гектарды құрайды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі №3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мал басына шаққандағы жайылымды есептей келе барлығы 1 284 725 гектар жайылым жер учаскесі қажет екендігі анықталды.
Аудан бойынша барлығы 431684 бас (60600 ірі қара, 20008 жылқы, 351076 уақ мал, 478 түйе) көлемі 103992 гектар жайылымды пайдаланады, осы көрсетілген малдардың ішінде барлығы 17603 бас (5869 ірі қара, 1697 жылқы, 10037 уақ мал) мал бір орында, қоралық жағдайда ұсталалып, бордақыланады.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Ордабасы ауданында жалпы 431684 бас малға көлемі 1 180 733 гектар жайылым жер жеткіліксіз екендігі байқалады.
Ордабасы ауданындағы жайылымдық жердің жеткіліксіздігін шешу үшін, жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені азайтып, мал өсіруді жайылымдық-қоралық жүйеден жайылымды қажет етпейтін мал өсіру жүйесіне (қорада ұстап бағу, бордақылау) ауыстыру қажет.
Ұсыныс.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі №3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұхсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығында мал басына белгіленген жайылымның шекті мөлшерін тұрғылықты жерге байланысты қайта есептеу ұсынылады.
Қосымшада ауыл округтері бөлінісінде мәліметтер, схемалар мен карталар:
1-қосымша – Бадам ауыл округі
2-қосымша – Бөген ауыл округі
3-қосымша – Бөржар ауыл округі
4-қосымша – Жеңіс ауыл округі
5-қосымша – Қажымұхан ауыл округі
6-қосымша – Қарақұм ауыл округі
7-қосымша – Қараспан ауыл округі
8-қосымша – Төрткүл ауыл округі
9-қосымша – Шұбар ауыл округі
10- қосымша – Шұбарсу ауыл округі

Қолданыстағы