Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Улкен Нарымскому сельскому округу на 2020-2021 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Улкен Нарымскому сельскому округу на 2020-2021 годы
- Атауы (қаз.)
- Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 40/355-VI
- Қабылданған күні
- 26.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2020 144924_473468.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VM007366
- ЭКБ идентификаторы
- 144924
- Редакция идентификаторы
- 144924_473468
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:49
0 Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13-баптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 2020-2021 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
Катонқарағай
аудандық мәслихаты
2020 жылғы 26 маусымы
№ 40/355-VI шешіміне
қосымша
2020-2021 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15090 нөмірімен тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем - шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар мазмұны:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Катонқарағай ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызба картасы (1-қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы сызбалары (2-қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы (3-қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы (4-қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы (5-қосымша);
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі (6-қосымша).
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелері-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша Үлкен Нарын ауылдық округінде 6 елді мекен бар.
Үлкен Нарын ауылдық округі аумағының жалпы ауданы – 196 935,84 га, соның ішінде: егістіктер – 15 011,01 га, шабындық жерлер – 3833,5 га, жайылымдық жерлер – 102 208,24 га, басқа жерлер – 75 883,09 га.
Санаттар бойынша жерлер бөлінісі:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 121 342,85 га;
елді мекен жерлері – 6882,0 га.
Табиғи жағдайлары бойынша Үлкен Нарын ауылдық округінің аумағы орташа ылғалданған тау бөктеріндегі дала аймағына жатады. Климаты күрт континентті, қысы салыстырмалы суық, жазы ыстық және құрғақ. Жауын-шашын жылына орта есеппен 300-400 мм түседі. Олардың ең көп саны шілде айына келеді.
Топырақ негізінен таулы қара топырақ, кәдімгі қара топырақ, қара қоңыр.
Үлкен Нарын ауылдық округінің аумағында 1 ветеринарлық пункт, 5 мал қорымы және 1 мал тоғыту орны бар.
2020 жылдың 1 қаңтарына Үлкен Нарын ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және шаруа қожалықтарының мал басы) ірі қара мал 7239 бас, соның ішінде төлдейтін (сауынды) мал басы 3651 бас, қой мен ешкі 13809 бас, жылқылар 2691 бас, түйе 19 бас (1-кесте) есептелген.
1-кесте
№
Елді мекендер
Халық
шаруа және фермер қожалықтары
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
түйе
барлығы
соның ішінде: сауынды
барлығы
соның ішінде: сауынды
1
Үлкен Нарын
1702
788
3073
681
894
410
756
412
2
Жұлдыз
491
287
929
358
348
151
1350
57
3
Балғын
372
192
1347
254
344
143
1130
150
4
Көктерек
682
322
1788
260
708
374
1626
166
5
Свинчатка
110
40
30
29
177
105
6
Көкбастау
449
243
987
24
962
596
793
300
19
Кестенің жалғасы
№
Елді мекендер
Барлығы:
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
түйе
барлығы
соның ішінде: сауынды
1
Үлкен Нарын
2596
1198
3829
1093
2
Жұлдыз
839
438
2279
415
3
Балғын
716
335
2477
404
4
Көктерек
1390
696
3414
426
5
Свинчатка
287
145
30
29
6
Көкбастау
1411
839
1780
324
19
Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету үшін барлығы 64 052,24 га, елді мекен шегінде 4664,0 га жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес жергілікті халықтың (Үлкен Нарын ауылы, Жұлдыз ауылы, Балғын ауылы, Көктерек ауылы, Свинчатка ауылы, Көкбастау ауылы) мұқтажы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) басын ұстауға елді мекендердің жайылымдық алқаптары 4664,0 га мөлшерінде, қажеттілік 7504,0 га құрайды (2-кесте).
2-кесте
№
Елді мекен атауы
Жайылымдар ауданы, (га)
Сауын сиырлардың болуы (бас)
Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)
Жайылымдар қажеттілігі,(га)
Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген (га)
Артылғаны, (га)
1
Үлкен Нарын
1550
788
6,5
5112
-3572
2
Жұлдыз
644
287
6,5
1865,5
-1221,5
3
Балғын
580
192
6,5
1248
-668
4
Көктерек
311
322
6,5
2093
-1782
5
Свинчатка
1050
40
6,5
260
-
790
6
Көкбастау
529
243
6,5
1579,5
-1050,5
Қалыптасқан 7504,0 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін, 5350,7 га – қордағы жерлерде, 111,8 га – К.Қ. Бақтияровқа тиесілі жерлерде, 23,4 га - «Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне тиесілі жерлерде, 2018,1 га - «Үлкен Нарын орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиесілі жерлерде халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю есебінен толықтыру қажет.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық жануарларын жаю бойынша 35 698,0 га көлемінде жайылымдық жер қажеттілігі бар, ірі қара малдың бір басына түсетін жүктеме нормасы – 6,5 га/бас, қой мен ешкілер – 1,3 га/бас, жылқы – 7,8 га/бас. (3-кесте).
3-кесте
№
Елді мекендер
Халықтың мал басы
Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)
Жайылымдар қажеттілігі,(га)
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
барлығы (га)
1
Үлкен Нарын
914
319
311
6,5
1,3
7,8
5941
414,7
2425,8
8781,5
2
Жұлдыз
204
929
358
6,5
1,3
7,8
1326
1207,7
2792,4
5326,1
3
Балғын
180
1347
254
6,5
1,3
7,8
1170
1751,1
1981,2
4902,3
4
Көктерек
360
1788
260
6,5
1,3
7,8
2340
2324,4
2028
6692,4
5
Свинчатка
70
30
29
6,5
1,3
7,8
455
39
226,2
720,2
6
Көкбастау
206
987
24
6,5
1,3
7,8
1339
1283,1
187,2
2809,3
Қалыптасқан 35 698,0 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарда, 17 604,7 га - «Екман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі жерлерінде, 11 712,27 га – «Катонқарағай шәрбаты» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жерлерінде, 12124,03 га – «Үлкен Нарын орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жерлерінде жаю есебінен толықтыру қажет.
Үлкен Нарын ауылдық округінің шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 3275 бас, қой мен ешкілер 5655 бас, жылқылар 1152 бас, түйе – 19 басты құрайды.
Шаруа және фермер қожалықтарындағы жайылымдар ауданы – 64052,24 га құрайды (4-кесте).
4-кесте
Атауы
Ауданы (га)
Мал түрлері бойынша қолда бары, (бас)
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
түйе
1
Үлкен Нарын
64052,24
3433
5655
1085
19
Кестенің жалғасы
Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)
Жайылымдар қажеттілігі,(га)
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
түйе
ірі қара мал
қой мен ешкілер
жылқы
түйе
барлығы (га)
6,5
1,3
7,8
7,8
22314,5
7351,5
8463
148,2
38277,2
1 2020-2021 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына
1-қосымша
5-кесте
№
Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы
жайылым ауданы, га
мал басының болуы
қажет жайылым,
Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы
1
Бактияров К.К.
111,8
жоқ
-
111,8
2
«Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
23,4
жоқ
-
23,4
3
«Екман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
19086,70
ірі қара мал – 130 бас,
қой мен ешкілер – 130 бас
жылқы – 60 бас
130 * 6,5= 845 га
130 * 1,3= 169 га
60 * 7,8= 468 га
845 га+168 га+468 га=1482 га
17604,7 га
4
«Катонқарағай шәрбаты» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі
11712,27
жоқ
-
11712,27
5
«Үлкен Нарын орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
14 142,13
жоқ
-
14 142,13
2 2020-2021 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына
2-қосымша
Жылдар
1 мал айдау
2 мал айдау
3 мал айдау
4 мал айдау
2020
көктем-жазғы
1-маусым
жазғы
2-маусым
күзгі
3-маусым
демалыс
2021
демалыс
көктем-жазғы
1-маусым
жазғы
2-маусым
күзгі
3-маусым
Ескертпе: 1, 2, 3, 4 – бір жылда мал айдаудың кезектілігі.
3 2020-2021 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына
3-қосымша
4 2020-2021 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына
4-қосымша
5 2020-2021 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына
5-қосымша
6 2020-2021 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына
6-қосымша
Ауылдық округ
Малды жайылымға шығару мерзімі
Малды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі
Үлкен Нарын
сәуір-мамыр
қыркүйек-қазан